«Іс мәтіні бойынша СІМ Еуропаға есеп беруге мәжбүр, себебі олар бізден бұл жөнінде қайта-қайта сұрап жатыр», - деген Волошиннің сөзін мысалға келтіреді РБК-Украина.
Департамент басшысының ескеріп өткеніндей, Киев «бұл тақырыптың даулылығы мен өзектілігін жақсы түсінеді».
Еуроодақтың кеңейту және еуропалық көршілестік саясат жөніндегі комиссары Штефан Фюле Тимошенкоға қатысты іс әлі аяқталған жоқ деп есептейді. «Сот үрдісі әлі аяқталған жоқ, әлі аппеляцияға беру үрдісі бар және мен оны жіті назарымда ұстайтын боламын. Біз дұрыс шешім табылатындығына үміттіміз», - деді Фюле Брюссельде журналистерге берген сұхбатында.