Украина: Түркия премьер-министрінің сапары басталды

None
АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - Түркия премьер-министрі Реджеп Тайып Ердоған өзінің Украинаға екі күндік сапарын бастады, деп хабарлайды УКРИНФОРМ.

Украина мемлекеті басшысының баспасөз қызметі хабарлағандай, сапар Украина президенті Виктор Януковичтің арнайы шақыруының арқасында жүзеге асырылып отыр.

Сапар жоғары саяси деңгейде екіжақты диалогты жандандыру және дамытуға бағытталады. Оның басты мақсаты - екі ел арасындағы стратегиялық әріптестіктің тәжірибелік мәнін толықтыру үшін сауда-экономикалық және инвестициялық салаларда әріптестікті дамыту.