«Мен Қазақстанда 7 жыл болған жоқпын. Елордадан, экономиканың даму динамикасынан көрініп тұрған өзгерістер таң қалдырады», - деді ол бүгін Астанада өтіп жатқан Қазақстан-Украина бизнес форумында.
Сонымен қатар ол Қазақ елінде саяси тұрақтылықтың қалыптасуына Мемлекет басшысының көрегенділігі мен Үкіметтің белсенді жұмыс істеуі әсер еткендігін айта келе: «Қазақстанның жалпы ішкі өнімі шамамен 200 млрд. долларды құрайтындығын айтсақ та жеткілікті. Яғни, Украина ЖІӨ-нен шамалы артық. Бұл біз үшін бір жағынан қапаландыратын, ал екінші жағынан қуантатын жайт. Қуанышымыз - қазақ достарымыз үшін, ал қапаланатындығымыз, бір кездері біз Қазақстаннан екі есе жоғары жалпы ішкі өнімге ие едік. Қазіргі уақытта артта қалып келеміз», - деді Н.Азаров.