LB хабарлауынша, еуроинтеграция мәселелері бойынша вице-премьер етіп Борис Тарасюкті, гуманитарлық мәселелер бойынша вице-премьерлікке Ольга Богомолецті, аймақтық саясат бойынша вице-премьерлікке Владимир Гройсманды, вице-премьерлікке Александр Сычты, Әділет министріне Павел Петренконы, қаржы министріне Александр Шлапакты, денсаулық сақтау министріне Олег Мусийді, әлеуметтік саясат министріне Людмила Денисованы, экология министріне Андрей Мохныкты, мәдениет министріне Евгений Нищукті, сыртқы істер министріне Андрей Дещицаны, ауылшаруашылық саясаты министріне Олександр Мырнойды, министрлер кабинетінің министріне Остап Семеракты, отын және энергетика министріне Юрий Проданды, жастар және спорт министріне Дмитрий Булатовты және ішкі істер министрі етіп Арсен Аваковты тағайындау ұсынылып отыр.
Инфрақұрылым министрінің лауазымы туралы Леонид Костюченкомен кеңес жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ қорғаныс министрінің орынтағына қатысты да мәселелер қарастырылуда.
ҰҚҚК басшысы - Андрей Парубий, оның орынбасары Виктория Сюмар. Бұған қоса, бұрын соққыға жығылған журналист Татьяна Черноволге сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюроны, ал Егор Соболевке люстрациялық комитетті басқару ұсынылды.
Еске сала кетсек, 22 ақпанда Рада парламент жетекшісі мен ІІМ басшыларын ауыстырып, Қорғаныс министрлігі, Бас прокуратура мен УҚҚ қызметін бақылауға уәкілетті тұлғаларды тағайындаған болатын. Сондай-ақ Украинаның Жоғарғы радасының депутаттары президент Виктор Януковичтің отставкасына дауыс беріп, 2014 жылдың 25 мамырына мерзімінен бұрын президент сайлауын белгілеген болатын.