Украина Ұлыбританиядан 3,2 миллиард доллар қорғаныс несиесін алады

АСТАНА. KAZINFORM – Украина мен Ұлыбритания Киевтің қорғаныс қажеттіліктеріне 2,6 миллиард фунт стерлинг (3,2 миллиард доллар) көлемінде несие беру туралы келісімге қол қойды. Бұл туралы украиналық ТСН телеарнасы хабарлады, деп жазды ТАСС.

Фото: Carl Court / Reuters

Бұқаралық ақпарат құралдары өзге мәлімет таратпады.

Қазіргі уақытта Владимир Зеленский Лондонда және Ұлыбритания премьер-министрі Кейр Стармермен кездесуде.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ пен Ұлыбритания Париж саммитінде ЖИ декларациясына қол қоюдан бас тартты.