АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украинаның бірінші вице-премьері Сергей Арбузов ЕО-ны кеңейту бойынша еурокомиссар Штефан Фюлемен келіссөздерден кейін жақын арада Украина Еуроодақпен қауымдастық жөніндегі келісімге қол қоятынын мәлімдеді.
ВВС-дің жазуынша, Арбузовтың сөзіне қарағанда, келісімге ұлттық стратегиялық мүдделер ескеріле отырып қол қойылады және бұл тұрғыда Украинада саяси ерік бар.
Вице-премьер сонымен қатар тараптар қауымдастық туралы келісімді қолдану үшін жол картасын әзірлеуге келіскенін атап өтті.
Өз кезегінде Фюле ХВҚ-мен келісімге қол жеткізу үшін және еркін сауда аймағына қосылу тұрғысында қажетті жағдайды құруда Украинаға қолдау жасауға уәде берді.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.