АСТАНА. ҚазАқпаррат - Украина Жоғарғы Радасының спикері Владимир Рыбак денсаулығына байланысты қызметінен кету жөнінде өтініш жазғанын мәлім етті парламенттегі оның орынбасары Руслан Кошулинский, деп хабарлады Би-Би-Си.
«Жоғарғы Рада төрағасы Владимир Васильевич Рыбак денсаулығына және емделуіне байланысты Жоғарғы Рада төрағасы өкілеттігін доғару жөнінде өтініш жасағанын сіздерге хабарлаймын», - деп мәлімдеді Кошулинский депутаттарға парламенттік отырыстың ашылуында.
Сонымен қатр, Раданың бірінші вице-спикері коммунист Игорь Калетник те отставкаға өтініш берді.
Кеше парламент Украина ішкі істер министрі Виталий Зархарченконы қызметінен шеттетуге дауыс берді.
Кешеден бері Мемлекет басшысының қайда екенін ешкім білмейді, Би-Би-Си-дің тілшісі сенбі күні таңертең президент әкімшілігінің ғимаратында болды, онда ешкімді кездестіре алмады.