Бұл туралы Укринформ Мемлекеттік статистика қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.
2011 жылдың 1 наурызында Украинаның халқы 45 млн. 745,2 мың адамды құрады. Оның ішінде қала халқы 31 млн. 424,9 мың болды, бұл көрсеткіш өткен аймен салыстырғанда 0,02 пайызға немесе 7,7 мың адамға аз. Ауылдық жерлерде 14 млн. 320,3 мың адам тұрып жатыр (1 ақпанмен салыстырғанда 0,05 пайызға немесе 7,2 мың адамға аз).
Қаңтар айында Украина халқының саны 0,04 пайызға немесе 18,4 мың адамға қысқарды.