Коронавирус жұқтырудың алғашқы оқиғасы Черновцыда тіркелді.
Бұған дейін хабарлағандай, бүгінге дейін әлем бойынша коронавирус жұқтырғандар саны – 90 936 адам. Аурудан көз жұмғандар 3117 адамға жетті. Вирус жұқтыру саны бойынша Қытай көш бастап тұр. Қытайда коронавирус жұқтырғандар – 80 151. Оңтүстік Кореяда 4812 оқиға тіркелген, Италияда – 2 036, Иранда – 1 501. Вирустан қайтыс болғандар саны бойынша Қытайдан кейінгі ел - Иран. 66 адам Иранда індеттен көз жұмған. Италияда - 52, Оңтүстік Кореяда 28 адам инфекция салдарынан көз жұмған.