«Алдын ала мәліметтер бойынша осы лайнердің бортында 80 бала болды», - делінген БАҚ хабарламасында.
Бұдан бұрын бұл ақпаратты әртүрлі әлеуметтік желілердің пайдаланушылары таратты.
Бейсенбі күні кеште Донецк облысында малайзиялық авиажелілердің бортында 295 адам болған Boeing 777 ұшағы апатқа ұшырағаны белгілі болды.
Малайзиялық лайнердің апатқа ұшырауының себептері әзірге анық емес. Сәуір айынан бері авиаапат болған ауданда украиндық күш-қуат құрылымдары ақпандағы мемлекеттік төңкеріске риза емес Донбасс тұрғындарына қарсы лаңкестікке қарсы деп аталатын операция жүргізуде. Операцияда авиация, ауыр артиллерия және зымырандық жүйе қолданылуда.
Сарапшылардың айтуынша, украин армиясының қолындағы әскери техника Кеңес Одағынан мұраға қалған және соғыс қимылдарында оны қолдану 2001 жылы Қара теңіз аспанында Украина атып түсірген ресейлік жолаушылар ұшағының қайғылы оқиғасын қайталауы мүмкін. Сол кезде украин ӘҚК бөлімдерінің жаттығулары барысында С-200 зымыран кешенімен Тель-Авив - Новосібір бағытындағы ресейлік Ту-154 ұшағы атып түсірілген болатын. Оның салдарынан 78 адам - 66 жолаушы, оның көпшілігі Израиль азаматтары және 12 экипаж мүшесі қазаға ұшыраған болатын.
Өзін-өзі жариялаған Донецк халықтық республикасының жасақтарында 10 шақырымдық биіктіктен жолаушылар ұшағын атып түсіре алатын қарулар жоқ, деп мәлімдеді мойындалмаған республиканың премьері Александр Бородай малайзиялық Boeing 777 апатқа ұшырағаннан кейін ресейлік «Жаңалықтар» агенттігіне.