Украинада бүгін - сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні
13:33, 15 Қаңтар 2010
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Украинада бүгін - сайлауалды үгіт-насихаттың соңғы күні. Ел президенттігінен үміткер 18 кандидат үшін бұл отандастарына үндеу тастаудың және өз ұстанымдарын таныстырудың соңғы мүмкіндігі,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Маяк» радиосына сілтеме жасап.
Өңірлер партиясының басшысы Виктор Янукович бүгін өз жақтастарын Киевтегі Михайлов алаңында митингке жинайды. Премьер-Министр Юлия Тимошенко бүгінге өз жоспарларын жария еткен жоқ.