Украинада бүгін Жоғарғы Радаға депутаттар сайланады

АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат - Бүгін Украинада Жоғарғы Радаға депутаттарды сайлау науқаны өтеді. Бұл елде Парламент аралас жүйеде - сондықтан 225 депутатты партиялық тізіммен, тап осындай көлемде бір мандатпен округтерден сайлайды

Украина ОСК мәліметтерінше, Рададағы орындар үшін 87 партия өкілі таласады, олардың 21 сайлауға партиялық тізіммен, ал қалғандары бір мандатты округтерде бақ сынайды. Бір Киевтің өзінде, 2 миллиондай адам дауыс беруі керек.

Украинаның бір палаталы парламентінде 450 орын бар. Соның 225-і партиялық тізіммен сайланған депутаттарға тиесілі. Ал, қалғандарын жеке үміткерлер иеленуі керек.