60 жастағы әр ақсақалға екі кемпірден келеді. Украина Ұлттық ғылым академиясы Демография және әлеуметтік зерттеулер институтының аға ғылыми қызметкері Анна Герасименко осындай мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды Укринформ.
«Осылай жалғаса берсе, Украина кедейлігі жоғары егде кейуаналар еліне айналуы мүмкін», - деген болжамын білдірді сарапшы.
Әдетте ерлер өздері әртүрлі пәлеге үйір келеді - біреулері жол-көлік апатына ұшырап жатса, енді бірқатары түрлі жарақаттар мен зиянды әдеттерден жапа шегіп, көз жұмып жатады. Психолог Ефим Шабшай қазіргі ер адамдар әлсіз болып отырғанын атап өтті, оларды өркениет үрдісі тым еркелетіп жіберді, деп санайды ол.
Бұдан бірнеше жыл бұрын австриялық ғалымдар зерттеу барысында ерлердің у-хромосомалары тектік сипатын бірте-бірте жоғалтып, бірнеше миллиондаған жылдан кейін мүлдем құрып кететінін мәлім еткен болатын.