«2021 жылғы 27 мамырда Украинада COVID-19 жұқтырудың 3 509 жаңа жағдайы тіркелді. Оның арасында 193 бала, 82 медицина қызметкері бар» делінген елдің Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналындағы хабарламада.
Өткен тәулікте 1 402 адам ауруханаға жатқызылған, 183 өлім жағдайы тіркелген.
16 867 адам сауығып шыққан.
Елдің денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, вакцинация басталғалы 1 099 713 екпе салынған.
992 191 адамға вакцина егілген.
Пандемия басталғалы Украинада 2 193 367 адам коронавирусқа шалдыққан.
2 006 918 адам сауығып шыққан.
Өлім жағдайларының саны – 50 067.