Украинада найзағай түскен шіркеу өртеніп кетті

АСТАНА. 11 шілде. ҚазАқпарат - Украинаның Львов облысындағы Лавочное ауылында 1905 жылы салынған ескі грек-католиктік Рождества Пресвятой Богородицы шіркеуі өртеніп кетті. Бұл туралы елдің Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады, деп жазды Утро. ру.

«Өртті сөндіруге екі сағат кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Шіркеу жалынға оранып, өртеніп кетті», - делінген құтқарушы қызметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.