«8 тамыз күнгі сағат 7-дегі жағдай бойынша, ауа-райының нашарлауынан (жаңбыр, найзағай, дауыл) электр желілерін автоматты қорғау жүйесі іске қосылып, жеті облыстағы 55 елді мекен (Полтав облысында 17 елді мекен, Сумда 10, Черниговта 9, Черкасста 7, Донецкте 6, Кировоградта 4 және Одесса облысында 2 елді мекен) электр тоғынсыз қалды», - делінген хабарламада.
Электр беруді қалпына келтіруге облыстың энергетика бригадалары жұмылдырылды.
Сонымен қатар Украинаның төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік қызметі Одесса облысында әлі де 12 ауланың су астында екенін, су деңгейінің төмендеп жатқанын хабарлады.