Украинада өртенген қонақ үйде 9 адам мерт болды
00:42, 18 Тамыз 2019
ОДЕССА. Укринформ - ҚазАқпарат – Одесса қаласындағы «Токио Стар» қонақүйіндегі өрттен құрбан болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Укринформға сілтеме жасап.
«Нақтыланғанақпарат бойынша 17 тамызда сағат 14:12-де тергеу жүргізу барысында өрт болғанжерден 9 адамның денесі табылды», - делінген Украинаның Төтенше жағдайлар бойынша мемлекеттікқызметі таратқан хабарламада.