Украинада пойыз апатынан бірнеше адам қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинаның Сум облысында пойыз шағын автобуспен соқтығысқан. Апат салдарынан 13 адам қаза тапты, 7 адам түрлі жарақат алды, деп жазады РБК.

Оқиға жергілікті уақыт бойынша сағат 15.30 шамасында Виры селосының маңында орын алған. Бағдаршам мен дыбыстық ескертулерге мән бермей, темір жол үстінен өтетін жерге шығып кеткен шағын автобус Харьков-Ворожба бағытына бет алып бара жатқан пойызға соғылған. Пойыз шағын автобусты ортасынан қақ бөліп, біраз жерге дейін сүйреп апарған. Әзірге аталған жайтқа қатысты қылмыстық іс қозғалған жоқ, апат орнында тергеу тобы жұмыс атқаруда.