Украинада президенттік сайлау өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Украинада президенттік сайлау басталды. Таңертең жергілікті уақытпен 08:00-де елдегі барлық сайлау учаскелері ашылды.

Жалпы дауыс беру құқығына 35,5 млн. азамат ие.

Атап айтқанда, бұл дауыс беру науқанында 33674 сайлау учаскелері ашылуы тиіс болған. Алайда, олардың қаншасы нақты түрде өз жұмысын бастағандығы жайында бүгін, түске таман журналистерге арналған брифингте Орталық сайлау комиссиясы хабарлайды деп күтілуде.

Украинадан тыс жерлерде 114 учаске құрылған. Дауыс беру бюллетеньдеріне 21 кандидаттың аты-жөні енгізілді.

Осы жолғы сайлауға 19 елден 282 ресми байқаушы, сондай-ақ 3 мыңға жуық байқаушы халықаралық 20 ұйымдардың атынан баға беретін болады. Оның ішінде 1056