деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.
Кандидаттарды тіркеу мерзімі қарашаның 13-де аяқталады, содан кейін Орталық сайлау комиссиясы олардың тізімдерін жариялауға міндетті.
Қазіргі уақытта мемлекет басшылығына 14 үміткер тіркеліп отыр. Олардың қатарында - елдің қазіргі президенті Виктор Ющенко, премьер-министр Юлия Тимошенко және бұрынғы премьер, оппозициялық Аймақтар партиясының жетекшісі Виктор Янукович бар.
Жеңіске айқын таласы бар үміткерлердің қатарында Янукович пен Тимошенко аталуда.
Украинада президенттік сайлау қаңтардың 17-де өтеді.