Украина президенті Петр Порошенко Дербес арнайы экономикалық және басқа да қосымша шаралар (санкциялар) қолдану туралы» Украина Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің 2017 жылғы 28 сәуірдегі шешімін қолданысқа енгізді. Тиісті жарлық 15 мамырда Мемлекет басшысының сайтында жарияланды.
Сондай-ақ қарсы санкциялар қолданылған жеке және заңды тұлғалардың тізімі жарияланды. Тізімде 1228 жеке тұлға, 468 заңды тұлға бар.