Елдің Денсаулық сақтау министрлігі бүгін осындай мәліметті жария етті, деп хабарлайды «Маяк» радиосы.
Тұмау індеті бастағалы бері 970 мыңға жуық адам ауырған. Қазір елдің 19 өңірінде, оның ішінде Киевте тұмау көрсеткіші эпидемиялық шамадан асып отыр.
Кеше кешке телеэфирде сөз сөйлеген Украина президенті Виктор Ющенко, тұмауға байланысты елде төтенше жағдай енгізуге негіз көріп отырмағанын мәлім етті.
Осының алдында елдің бірқатар жоғары лауазымды өкілдері, оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесінің хатшысы Раиса Богатырева да, елде төтенше жағдайдың енгізілу мүмкіндігі туралы мәлім еткен болатын. Осыған байланысты президенттік сайлауды қаңтардың 17-сінен мамыр айына ауыстыру ықтималдығы да сөз болған еді.