Украинада тұмаумен ауырғандардың саны миллионнан асты

АСТАНА. Қарашаның 10-ы. ҚазАқпарат - Украинада тұмаудан және тыныс жолының жіті вирустық инфекциясы салдарынан қайтыс болғандардың саны 174 адамға жетті, ал ауырғандардың саны миллионнан асты.

Елдің Денсаулық сақтау министрлігі осындай деректер келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасап.