«Сенбі күні Қазақстан азаматының Украинада ұсталғандығы жөнінде ақпарат келіп түскен болатын. Осыған орай ҚР Сыртқы істер министрлігі Украинадағы Елшілігімізге керекті мәліметтерді алу жөнінде шұғыл тапсырма берді. Осы уақытқа дейін елшіліктен келіп түскен мәліметтерге сүйенсек, ол расында да Қазақстан азаматы, 1989 жылы 24 наурызда дүниеге келген Атырау облысының тумасы Ардагер Мұхитов», - деді ол.
Оның атап өтуінше, Қазақстан мен Украинаның құқық қорғау органдарының арасындағы өзара ынтымақтастық өте жоғары. Сонымен қатар екі елдің прокуратураларының арасында экстрадициялау жөніндегі келісім де бар. Осы орайда ресми өкіл Украина тарабы қолға түскен Қазақстан азаматын ұстау, тергеу сынды мәселелерге қатысты жайттарды еліміздің Бас прокуратурасына жолдайды деген үмітін білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары лаңкестікке қатысы бар деген айыппен іздеуде жүрген Қазақстан азаматының Украинада ұсталғандығы туралы ақпарат таратқан болатын.