Украинада жанкешті медициналық университет ғимаратын жарып жіберді

АСТАНА. 27 желтоқсан. ҚазАқпарат - Украинаның Черновцы қаласында медициналық университеттегі оқу корпусының мекемесінде жарылыс болды.  Бомбаны өзін жарылғыш заттармен орап алған белгісіз ер адам іске қосты.

Ол мерт болды, деп хабарлады Утро. ру.

Сондай-ақ университеттің қызметкері мен студент дене жарақаттарын алды. Екеуі де ауруханаға жеткізілді. Қазіргі кезде университет корпусының аумағы қоршауға алынды. Ол жерде құтқарушылар, милиция, газ қызметінің қызметкерлері жұмыс істеуде.