Украинада жаппай тәртіпсіздік салдарынан жапа шеккендер саны 608 адамға жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Киевтегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан жапа шеккендер саны 608 адамға жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

«22 ақпандағы Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.00-дегі жағдайға сәйкес, медициналық көмекті 608 адам сұраған, оның ішінде 393 адам ауруханаларға жатқызылды», делінген осы елдің Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында жарияланған хабарламада.

Аталмыш министрліктің соңғы деректеріне сүйенсек, көшелердегі жаппай тәртіпсіздік салдарынан 77 адам қаза тапқан. Ал Украина ІІМ олардың саны 80-ге жеткені туралы мәліметтерді келтіреді.

Айта кетейік, Киев көшелеріндегі жаппай тәртіпсіздіктер сейсенбі күні қайта басталған болатын. Ашынған топ өкілдері Украина парламентіне басып кіруге әрекет жасаған, ал радикалдар қала орталығындағы ғимаратқа баса-көктеп кіріп, автомобильдердің дөңгелектерін өртеген, құқық қорғау қызметкерлерін таспен атқылаған.