Өрт 13 ақпан күні Николаев облысындағы Первомай ауданы Конецполь ауылында болды. Құтқарушылардың мәліметтерінше, өрт кезінде үйде болған балалар иіс тию салдарынан мерт болған.
«Олардың анасы ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Өрттің себебі анықталып жатыр», - делінеді ведомствоның хабарламасында.
Құқық қорғау органдары оқиға фактісі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Осы екі арада ТЖМ-де Украинадағы күннің суытуына байланысты соңғы кезде өрт оқиғалары жиілеп кеткенін атап өтті.