Украинадағы қақтығыс өршіп барады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Украинада жағдай күрт ушығып барады. Майдандағы қақтығыстар кезінде 5 адам ажал құшты. Жарақаттанғандар да аз емес. Олардың арасында 37 тәртіп сақшысы бар.

Ауыр жараланған 200-ден астам адам медициналық көмекке жүгінді, деп хабарлайды Киев әкімшілігінің сайты. Күштік құрылымдар шерушілерді тарату үшін арнайы құралдарды қолдануда. Бұдан бұрын қақтығыстар кезінде 185 адам жарақат алып, олардың 89-ы ауруханаға жатқызылды деп хабарланған болатын. Ал денсаулық сақтау мекемесінің шұғыл ақпаратына қарағанда, ауруханаға түскендер 110-нан асқан.

Қаза тапқандардың ішінде «Аймақ» партиясының мүшесі әрі қызметшісі, 2 сақшы және тағы 2 адам бар.

Айта кетер жайт, бұған дейін мыңдаған адам Жоғарғы Радаға шеру ұйымдастырып, бейбіт басталған шараның соңы қақтығысқа ұласқан. Көшеге шыққан халықтың басты талабы - ел конституциясын өзгерту.