«Бізде қазіргі кезде бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімет жоқ», - деді вице-министр.
Сондай-ақ, ол осыдан біраз уақыт бұрын украиналық БАҚ-та жарық көрген Украинадағы қарулы қақтығыстарға қазақстандықтардың жаппай қатысып жатқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.
«Бұл алып-қашпа әңгімелерге келер болсақ, мұндай оқиғамен Кавказдағы, Оңтүстік Кавказдағы қақтығыстар кезінде де кездескенбіз. Мұндай ақпараттар жиі шығады, алайда олар расталмай қалады. Немесе әңгіме бұрын Қазақстанда туып, қазір басқа елдің азаматтығымен жүрген адамдарға қатысты болып шығады», - деп түсіндірді Е. Ашықбаев.