Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Украинадағы жағдайға байланысты ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі ҚР Сыртқы істер министрлігімен, ҚР Украинадағы және Польшадағы елшіліктерімен, сондай-ақ «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірлесіп, Қазақстан азаматтары үшін Украинадан репатриациялық рейс ұйымдастыру мәселесін пысықтады.
28 ақпанда Қазақстан азаматтарын шығару бойынша «КС 2203» бірінші рейсі Атырау қаласынан Катовице қаласына (Польша) Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 09:53-те ұшып кетті. Әуе кемесінің типі – А321, сыйымдылығы – 179 орын» деп жазылған ресми мәліметте.
Ведомствоның ақпараты бойынша, аталмыш ұшақ Катовице қаласынан Атырауға кері қарай 28 ақпан күні Катовице уақыты бойынша сағат 10:30-да ұшып шығуы керек.