Украинадағы Қазақстан елшілігінде қанша қызметкер қалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев Украинадағы Қазақстан елшілігінде қанша қызметкер қалғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл қызметкерлер Қазақстан азаматтарын елге жеткізу жұмыстарымен айналысып жатыр.

«Елшілікте 8 қызметкер қалды, оның арасында біздің Елші де бар. Елшілікке телефон шалсаңыз, Елшінің өзі барлығына жауап беріп жатыр», - деді Ш. Нұрышев.

Оның айтуынша, Украина Ұлттық гвардиясының жергілікті күштері елшіліктің қауіпсіздігін қамтамасыз етіп отыр.

«Атыс мен бомбылау кезінде біздің қызметкерлер Елшілікке келген Қазақстанның өзге де азаматтарымен бірге жертөлеге түсіп, қорғанып жүр», - деді Шахрат Нұрышев.