Украинадағы парламенттік сайлау өтті деп танылды

КИЕВ. ҚазАқпарат – Украина парламентіне кезектен тыс сайлау өтті деп танылды. Оған күмән тудыратын бірде-бір оқиға болған жоқ, деп хабарлады бүгін, 22 шілдеде «Укринформ» Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Татьяна Слипачукқа сілтеме жасап.


«Парламенттікнауқанның өтуіне күмән тудыратын оқиғалар болған жоқ, сайлау өтті деп саналады»,- деді ОСК төрағасы.

Оныңайтуынша, қазір ОСК дауыстарды санау процесіне кіріспек. Одан әрі округтіксайлау комиссияларынан хаттамалар қабылданады.

Ескесала кетейік, Украинада кезектен тыс парламент сайлауына дауыс беру 21 шілдекүні өткен болатын.