Ақпараттар ОСК сайтында жарияланған.
Есептеулерге сәйкес, Владимир Зеленский көш бастап тұр. Оған сайлаушылардың 30,24% дауыс берген. Петр Порошенко 15,95% дауыс жинады.
Юлия Тимошенконы электораттың 13,40%, Юрий Бойконы - 11,67%, Анатолий Гриценконы - 6,91%, Игорь Смешконы - 6,04%, Олег Ляшконы - 5,48%, Александр Вилкулды - 4,15%, Руслан Кошулинскийді - 1,62% сайлаушы қолдаған.
Украинада дауыс беруге қатысқан сайлаушылар саны - 18 893 879.
Еске салайық, 31 наурыз күні Украинада президент сайлауының бірінші туры өтті.
Бұған дейін электрондық хаттамалардың 97,41 пайызы өңделгенін хабарлаған болатынбыз.