Антарктидадағы «Академик Вернадский» стансысында жұмыс істейтін украиндық полярлықтар да өз дауыстарын бере алады. Осыған орай, Орталық сайлау комиссиясы арнайы шешім қабылдаған, яғни полярлықтар дауыс беру бюллетендерін өздері әзірлеген.
Сайлау барысын халықаралық ұйымдардан 2816 және 16 елден 275 бақылаушы қадағалауда. Ұлттық экзит-пол нәтижесі 20:00-де барлық сайлау учаскелері жабылғаннан кейін бірден жарияланады. Ең жас кандидаттар 35 жастағы бұрынғы спикер Арсений Яценюк пен «Халықтық құтқару армиясы» қоғамдық қозғалысының көшбасшысы Александр Пабат. Ал ең үлкені 65 жастағы социалистер көшбасшысы Александр Мороз.
Дауыс берудің ресми нәтижесін Орталық сайлау комиссиясы қаңтардың 27-інен кешіктірмей жариялайды. Сарапшылардың болжамынша, президенттік сайлаудың екінші кезеңі өтуі мүмкін.