Украинадағы ұшақ апатына байланысты Нидерландыда қаралы күн жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Нидерландыда қаралы күн жарияланды. Осыған байланысты ғимараттардағы мемлекеттік тулар төмен түсіріліп, ойын-сауық шаралары тоқталды, деп хабарлады «РИА Новости».

Король отбасы да демалыс күндері жоспарлаған дәстүрлі жаздық фотосессияны кейінге қалдырды. Нақтырақ айтқанда, Неймеген маңында өтіп жатқан төрт күндік шеруі салтанатты түрде аяқталуы тиіс-тін. Қайғылы оқиғаға байланысты жиын жоспарына түзету енгізілген.

БАҚ-тағы ақпараттар бойынша, Украинада апатқа ұшыраған ұшақта 298 адам болған. Солардың 189-ы нидерландылықтар.