«Украинадағы жағдай Қазақстан азаматтарының шетелде демалуына айтарлықтай әсер еткен жоқ. Бағасы да бұрынғыша. Басында сәл кідірістер болды. Содан кейін бәрі қайта қалпына түсті», - деді туристік компания өкілі.
Сонымен қатар ол қыста белгілі бір жеңілдіктер кезінде көп билет сатылып кеткенін атап өтті. Жазға қарай жеңілдіктер азаяды.
Қазақстандықтар көбіне Түркия, Египет, БАӘ- не барып дем алатын көрінеді.
«Украинадағы жағдайға байланысты ұшып-қонуда мәселе туындады деп айта аламыз. Ұшу уақыты ұзарды, өйткені бұл елді айналып өту керек болады. Мысалы, егер біз бұрын діттеген жерімізге 5 сағатта ұшып барсақ, қазір 7 сағат ұшамыз», - деп қосты М.Ахметова.