22 қаңтар күні, шерушілерді алаңнан «тазарту» үшін сегіз мыңға жуық қүштік құрылым жұмылдырылған. «Тазарту» жұмысы - ереуілшілер мен «Бүркіт» жасағы арасындағы аяусыз және қарымта ұрысқа алып келді. Шерушілер көше тастарын және қолдан жасалған жарылғыш заттарды құқық қорғаушыларға лақтырып, көлік дөңгелектерін жағып, алаңды қара түтінге айналдырған. Алайда, бүгін, 23 қаңтардың таңында алаң сәл тынышталды. Билік пен оппозиция әлі де бір байламға келер емес. Бүгін түс мезгілінде Майданға келген «Удар» партиясының жетекшісі Виталий Кличко: «кешкі сағат сегізге дейін ұрысты тоқтатып, билік тарапынан нақты бір шешімді күтейік», - деп мәлім етті. Оппозиция мерзімнен бұрын президенттік және парламенттік сайлау өткізу қажет деген талап қойып отыр.