Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлайды.
Бұрын А. Мұхитов Қазақстан аумағында қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыс жасады деген күдікпен халықаралық іздеу жарияланған болатын.
Атап айтқанда, тергеу органдары А. Мұхитовқа лаңкестік топтың қызметіне қатысқаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 233-2-бабымен айып таққан.
А. Мұхитовқа қатысты қылмыстық істің тергелуі жалғасуда.