Украинадан Польшаға жеткен 74 қазақстандық елге қайту үшін келесі рейсті күтіп отыр – СІМ
«Кеше Алматыға 175 отандасымыз және бүгін Нұр-Сұлтанға 124 адам келді. Осылайша Украина аумағынан 300 адамды эвакуацияладық. Қазір Польшадағы қауіпсіз аймақта 74 адам бар. Оның барлығы қонақ үймен қамтамасыз етілген және үшінші рейсті күтеді. Біз дайындап жатырмыз. Киевтегі елшілікте 30 адам бар, бірақ олар - елшілік қызметкерлері емес. Елшімен бірге олардың барлығы да азықпен қамтамасыз етілген», - деді Сергей Коновалов тілшілерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, қазір Украина шекарасынан өткен қазақстандықтарды елге жеткізудің қамы жасалуда.
«Сондай-ақ, Харьковтан тағы 20 адамды күтіп отырмыз, жақын арада эвакуациялаймыз. Львовтан бастап, бұл - Ресей шекарасына ең жақын қала, жақын арада тағы 15 адам кетеді. Қазір үшінші эвакуациялық рейс дайындалып жатыр. Мен ондағы қазақстандықтарды сабырға шақырамын. Үшінші рейс әуе бортына адам қалай жиналады, солай ұшады. Келесі әуе бортында 142 орын болады деп жоспарлап отырмыз, осы орайда «Эйр Астанаға» алғысымыз шексіз», - дейді ол.