Кеңес жауынгерінің сүйегін қарсы алу рәсімі Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент ғимаратының алдында өтті.
Кейін туған-туыстары «Ақтау- Ералы» тасжолының 20-шақырымында орналасқан «Қожа - Ата» зиратында арулап жерледі.
Сейд Тойнашев 1922 жылы Маңғыстауда дүниеге келген.
«Жақында Жеңістің 75 жылдығын атап өттік. Бүгінгі таңда елімізде бірнеше мың соғыс ардагері қалды. Ал, біздің өңірде барлығы 7 ардагер бар. Басқа мемлекеттердің елшіліктерімен, жергілікті органдардың іздеу жасақтарымен бірлесіп, бүгінгі таңда сарбаздардың сүйектері табылып, қайта жерленуде. Алдағы уақытта да іздеу жұмыстары жүргізіле береді», - деді Маңғыстау облысының Қорғаныс істері жөніндегі департамент бастығы Мақсат Тастанов.