Украиналық АН-225 ұшағы Гиннестің Рекордтар кітабына енді

АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Украинаның «Мрия» атты АН-225 ұшағы авиация тарихындағы ең ауыр моножүкті тасымалдағаны үшін Гиннестің Рекордтар кітабының сертификатын алды.


Бұл туралы  Антонов атындағы    Авиациялық  ғылыми-техникалық  кешеннің баспасөз қызметінен  хабарлады.

«Мрия»  ұшағы  Франкфурттан  Ереванға    жаңа электр стансасы  үшін  жалпы салмағы 187,6  тонна    генераторды  арнайы   жақтауымен бірге    жеткізді. 

 1984-1988  жылдары   жобаланып,  жасалған  «Мрия»  ұшағы    жүк тасымалдау  бойынша абсолюттік   әлем   рекордсмені  атанып отыр.