Украиналық аралар Сыр бойында бал жинайды
Аудандық әкімдіктің хабарлауынша, бүгінгі күні ауданда омарташылық кәсіппен тұрақты айналысып келе жатқан 15-ке жуық ара өсіруші бар. Николай Донской бал арасының өнімділігін арттыру мақсатында Ресей Федерациясының Кисловодск қаласынан жаңа тұқым түрін алдырыпты. Қазіргі таңда омарташы бал араларының жәшіктерін сырлап, көктемгі маусымға әзірлік үстінде. Сыр өңірі шөлейтті аймақ болып келетіндіктен Карпат бал арасына қолайлы. Олар көктемде шеңгел мен жантақ гүлдерінен бал жинаса, жаз айларында дария бойындағы әртүрлі гүлдерден өз өнімін алады.
«Бұл қызықты кәсіптің қиыншылықтары да жоқ емес. Бал арасын түрлі аурулардан қорғау шаралары, дезинфекциялау сияқты мәселелер жетіп артылады. Дегенмен олар менің 30 жыл бойғы сырлас достарым секілді. Көктемнің шығуын бірге асыға күтеміз», - дейді омарташы Н.Донской.