Украиналық «Барби» әлемді таңырқатуда

АСТАНА. 24 қараша. ҚазАқпарат  -  Одессалық қыз Валерия Лукьянова балалық шағында қуыршақпен ойнағанды жақсы көретін. Есейгесін де ол әдетінен жаңылмаған сыңайлы. Оған қарап: ет пен сүйектен жаралған ба, әлде пластикадан жасалған ба деп қаласың?!

Ол сырт келбеті атақты Барби қуыршағына ұқсауы үшін көптеген операциялардан өтті. Оған жалпы көлемі 800 мың долларға жуық ақша жұмсалыпты. Сөйтіп, айнымаған Барбидің өзі болып шыққан: көздері үлкен, аузы оймақтай, құмырсқа бел (бірнеше қабырғаларын да алдырып тастаған). 

Валерия бүгінде Одессаның ғана емес, бүкіл әлемнің әлеуметтік желілерінде жақсы танымал. Әлемнің Интернет-қоғамдастығы ол жөнінде тамсанып айта бастады. Айтпақшы, Валерия тұрмыста көрінеді, оның әрекеттері күйеуіне де ұнайтын тәрізді, әйтеуір  келіншегінің жасанып, жайнай түсуіне ақша аямайтын көрінеді, деп жазады ресейлік БАҚ.