Бұл туралы «Лента.ру» хабарлады.
Жекпе-жек жексенбіде, 27 қарашаға қараған түні Американың Лас-Вегас қаласында өтті. Жетінші раундта украиналық боксшы техникалық нокаутпен басым түсті.
Ломаченко маусым айында пуэрторикалық Роман Мартинесті жеңіп, WBO әлем чемпионы атағын өз мансабында алғаш рет қорғады. Енді украиналықтың қоржынында жеті жеңіс (бесеуі нокаут) және бір жеңіліс бар.
Бұл жекпе-жек Уолтерстің спорттық жолындағы бірінші жеңілісі. Оның есебінде 26 жеңіс (21-і нокаут), бір жеңіліс бар және бір ойында тең түскен.
Фото: USA Today Sports/ Reuters