Украиналық футболшы «Тобыл» сапына қосылды

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайдың «Тобылы» чемпионат басталмай тұрып, шабуылшымен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тобыл» құрамына алынған Антон Шиндер 1987 жылы 13 маусымда Украинаның Сумы қаласында туды. Жергілікті «Смена» спорт мектебінің түлегі. Кәсіби мансабында «Таврия» (Симферополь), «Шахтер» (Донецк), «Черноморец» (Одесса), «Ворскла» (Полтава) сияқты клубтар болды. Сондай-ақ, Германияның «Гройтер Фюрт», «Аален», «Ян Регенсбург» сынды командаларында доп тепті. «Тобылға» дейін ресейлік «Амкар» клубында ойнады.

Бірнеше рет Украина жастар құрамасына шақыртылған. Украина ұлттық құрамасы сапындағы алғашқы ойының Чехияға қарсы өткізді.
Антон Шиндер қостанайлық командада 25-нөмірмен алаңға шығады.

Айта кетейік, «Тобыл» жақында чехиялық ойыншы Эгон Вухты Қарағандының «Шахтеріне» жалға берді.