Украиналықтар пойызбен Қазақстан арқылы Қытайға бара алады - Н.Назарбаев
08:45, 15 Қыркүйек 2010
            АСТАНА.  Қыркүйектің  15-і.  ҚазАқпарат  -  2012   жылы Украина      Қазақстан арқылы  Қытайдың    теміржол қатынасына «қосыла алады».
                Бұл туралы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қыркүйектің 14-інде Киевте Украина Президенті Виктор Януковичпен болған кездесуден кейін баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды Укринформ агенттігі.
«Өздеріңіз білесіздер, қазір біз Қытай -Батыс Еуропа жолын салып жатырмыз. Жолдың 2700 шақырымы Қазақстан арқылы өтеді және бүгінде магистраль бойы құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Келесі жылы біз құрылысты аяқтаймыз, содан кейін Украина осы жолға қосылып, Қытай Халық Республикасының аумағына шыға алады», деді Елбасы өз сөзінде.