Украинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Фото: facebook.com/yulia.svyrydenko

АСТАНА. KAZINFORM — Украиндық Жоғарғы Рада Денис Шмыгал отставкаға кеткеннен кейін Украина премьер-министрі қызметіне Юлия Свириденконы бекітті, деп хабарлайды UNN.

Күні кеше Украина президенті Владимир Зеленский оған үкіметті басқаруды ұсынды. Свириденконы тағайындауға 262 халық қалаулысы дауыс берді.

16 шілдеде Жоғарғы Рада премьер-министр Денис Шмыгалдың отставкаға кетуін қолдады. Онымен бірге Украинаның бүкіл үкіметі автоматты түрде отставкаға кетті.

2019 жылы Юлия Свириденко министрдің орынбасары, ал 2020 жылдың шілдесінен бастап Украинаның Экономикалық даму, сауда және ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары болып тағайындалды.

2020 жылдың желтоқсан айында Президент Іс Басқармасы Басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2021 жылдан бастап Украина Премьер-министрінің бірінші орынбасары — Экономика министрі қызметін атқарды.

Бұған дейін Украина премьер-министрі Денис Шмыгалдың отставкаға кеткенін жазғанбыз.