Украинаның Аймақтар партиясын бұдан былай Николай Азаров басқаратын болды
10:48, 04 Наурыз 2010
АСТАНА. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат - Виктор Янукович Аймақтар партиясын басқару міндетін өзінің әріптесі Николай Азаровқа берді,
деп хабарлады «Маяк» радиостансысынан.
Н.Азаров партия басшысы және парламенттік фракцияның жетекшісі міндеттерін атқаратын болады.
Украина заңы бойынша, ел президенті ешқандай партияда болмауы керек. Янукович Радада жаңа коалиция құрылып, Украина басшылығының өзара келісімде жұмыс істейтініне үміт артуда.