Украинаның экс-прокуроры Қазақстан аумағына келген жоқ - ҚР СІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан құқық қорғау органдарының ақпаратына сәйкес 1954 жылы дүниеге келген Пшонко Виктор Павлович мемлекеттік шекарадан өтпеген және Қазақстан Республикасында уақытша тіркелмеген. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Нұржан Айтмаханов мәлім етті.

Оның атап өтуінше, В.Пшонко Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат алу және белгіленген тәртіппен азаматтықты қабылдау үшін көші-қон полициясы бөлімшесіне өтініш бермеген. Қазақстан Республикасының халықты құжаттандыру мәліметтер базасындағы тегі Пшонко барлық тұлғалар тексерілді.

«Дәл осындай тексерулер аймақтық ішкі істер органдарында да жүргізілді. Көші-қон полициясы бөлімшелерінің өндірісінде В.П.Пшонкоға қатысты материалдар жоқ», - деді ол.