Киевте өткен баспасөз мәслихатында Швейцария конфедеранциясының президенті, 2014 жылғы ЕҚЫҰ-ның төрағасы Дидье Буркхальтер бұл міндетті орындауда алдына қойған мақсаттарын жеткізді.
Жаңа төрағаның мәлімдеуінше, Швейцария шиеленіскен аймақтардағы жағдайды реттеуге, азшылық ұлттардың құқығын қорғауға қатысады. Буркхальтер Приднестровье түйінін шешу басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.
Оның айтуынша, Швейцария ЕҚҰЫ-ның жұмысына азаматтық қоғамды қосуға баса назар аударады және ұйымның жұмысында жастарға дауыс беру құқығын бергісі келеді. Сондай-ақ Швейцария Батыс Балқан мен Оңтүстік Кавказға екі арнайы өкіл тағайындайды. Министр Швейцарияның басымдықтар бағдарламасын ЕҚҰЫ-ның Тұрақты Кеңесіне 2014 жылдың 16 қаңтарында таныстырады.
Еске сала кетейік, Украина ЕҚЫҰ-ға 2013 жылы төрағалық етті.